Мектеп директоры

Мен, Примбекова Нуржамал Кунисбековна,1971 жылы 23 қыркүйекте Жетісай ауданында дүниеге келдім. 1978-1988 жылдар аралығында сол аудандағы Н.К.Крупская атындағы орта мектепте білім алдым.
1988 жылы Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Институтына филология факультетіне оқуға түсіп, 1993 жылы ұлттық мектептегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітіріп шықтым.
1993 жылы Жетісай ауданының Т.Қауымбаев атындағы орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып еңбек жолын бастадым.1996 жылы Қ.Сәтбаев (қазіргі Б.Соқпақбаев) орта мектебіне орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып ауыстым.
2003-2006 жылдар аралығында осы аталған мектепте педагог-психолог болып, 2006-2017 жылдар аралығында мектеп директорының оқу ісі жұмыстары бойынша орынбасары болып қызмет атқардым.
2017 жылдан Мақтаарал ауданының білім бөлімінің «Б.Соқпақбаев атындағы №48 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарып келемін.
Аудан әкімінің ,Облыстық білім басқармасының, Білім және ғылым министрінің, Халық Қаһарманы генерал-лейтенант Б.Ертаевтың, Б.Байбектің, Қаз ҰАЗУ Басқарма төрағасы А.Күрішбаевтың Мақтау грамоталарымен және Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер медалімен марапатталғанмын.
Отбасылымын, отбасында бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырмын.