06
май
2025
Жақсылық жаса
АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ДЕГЕН ШЕКСІЗ ҚҰРМЕТ
Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы №48 жалпы білім беретін мектепте 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдық мерекесі қарсаңында тағылымды кездесу өтті. Мектеп әкімшілігі елге еңбегі сіңген ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіп, мерекелік ықыласын білдірді.
Шараның мақсаты — ұлт болашағын тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосқан ұстаздардың еңбегін дәріптеу, олардың өмірлік жолын жас ұрпаққа үлгі ету.
Мектеп директоры Нұржамила Қалибекқызы Қалдыбаева ардагер ұстаздарға арнап:
"Сіздердің ғибратты ғұмырыңыз — шынайы ерлік пен парасаттың айқын көрінісі. Төл шәкірттеріңізге берген тәлім-тағылым — мәңгілік мұра. Осы айтулы мереке аясында Сіздерге шексіз алғыс білдіре отырып, дендеріңізге саулық, ғұмырыңызға ұзақтық тілейміз!" — деген жүрекжарды лебізін жеткізді.
Ардагер ұстаздар көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, өткен күндерден естеліктер айтып, ақ баталарын берді.
Мұндай кездесулер — жас ұрпақ бойында Отанға деген сүйіспеншілікті және ұстазға деген құрметті тереңдететін рухани тәрбие мектебі екені сөзсіз.